Назарбаев Орта Азиядағы ең ірі көпірге барды
Павлодарға жұмыс сапарымен барған Нұрсұлтан Назарбаев құрылысы аяқталуға жақын Орта Азиядағы ең ірі көпірдің жағдайымен танысты. Бұл нысан тәуелсіздік күні қарсаңында ашылуы тиіс.
Автор: Әйгерім Шакаманова
29.09.2016
Ұзындығы 13 шақырымға жуықтайтын бұл өткелмен облыс арқылы өтетін транзиттік көліктердің жолы 40 шақырымға қысқармақ. Ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық дәлізінің шығыс тармағындағы маңызды бөлігіне айналуы керек. Жобаның жалпы құны – 54 млрд теңге. Орталық Азиядағы ең ірі көпірді іске қосу үшін 10 мың тонна металл, 30 мың текше метр бетон пайдаланылғанын айта кетейік. Құрылысқа атсалысқан Қазақстан мен Ресейдің мыңға жуық маманы бүгінде 95 пайыз жұмысты аяқтаған. Қазір көк және алтын түстерге боялып жатқан алып көпір кейін мемлекеттік тудың кейпіне енбек. Әрі «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» атын иеленбекші.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-АстанаданПавлодарға қарай автобан салынып жатыр. Ондағы жұмыстар да жақында аяқталады. Енді айтыңыздаршы, дағдарыс кезінде қай мемлекет осындай жобаларды іске асырады? Ал біз 5 жылда 7 мың шақырым жол төсейміз!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!