{metadescription}
0:000:00
Жамбыл облысындағы мұнай базасында болған апатқа не себеп болуы мүмкін екені айтылды

Жамбыл облысындағы мұнай базасында болған апатқа не себеп болуы мүмкін екені айтылды

Тергеушілердің мәліметінше, цистернадан резервуарға бензин соратын насостағы ақаудан ұшқын шығып, соңы алапат өртке ұласыпты. 

Осы дерекке қатысты қазір екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл оқиға «Петро Рефайн» компаниясының басшысына таяқ болып тигелі тұр. Өйткені мекемеде қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмағаны анықталған. Яғни цистернадан қоймаға жанармай құю кезінде жұмысшылар арнайы киімсіз жүрген екен. Сөйтіп оттан қорағана алмай , жалынға қуырылып қалған. Айта кетейік, Меркі ауданында бір апта бұрын болған төтенше жағдай кезінде үш жұмысшының денесі 100 пайызға дейін күйіп қалған еді. Серіктестіктің 46 жастағы бас инженері үш күннен соң тілге келмей көз жұмса, кеше түнде электрик қайтыс болды. Ал жасы елуге таяп қалған дәнекерлеуші әлі күнге ауруханада ес-түссіз жатыр.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде