{metadescription}
0:000:00
КТК-да премьера! Тату достар табан астында неге  дұшпанға айналды?

КТК-да премьера! Тату достар табан астында неге дұшпанға айналды?

КТК-да тапжылмай отырып, тамсана көрер телехикая! Арадағы араздықты жою үшін балаларын атастырған қос жігіттің ендігі қарым-қатынасы ұрпақтарына байланысты болмақ. Серттескен ата-ананың сөзіне олардың ұл-қызы көнер ме екен? Әкелердің серті балаларына аса қиын сынақ бола ма? Адам жан-дүниесін ерекше тебірентер оқиға ой тереңіне батырып, ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Қазан айының 3-інен бастап шытырман оқиғалар мен сұлу сезімге толы «Шырғалаң» телехикаясын тамашалаңыздар!

Оқиғаның өрбитін жері – Түркияның Гюзелкөй атты шағын қалашығы. Байрам мен Салих бала күннен бірге өскен, бірі үшін бірі жан алып, жан беруге даяр қимас достар еді. Бірақ тағдырдың тәлкегімен екеуі бітіспес қас дұшпанға айналады. Араларындағы ымырасыз өшпенділікті ушықтырмай, араздықты біржолата ұмытудың мүмкіндігі пайда болып, достар сөз байласады.

Ақша беріп құтыла алмайсың десең саған басқа бір ұсынысым бар. Сенің сұлу қызыңды менің кіші балама атастырып қояйық. Сонда мен де ар азабынан құтыламын. Келісіміңді бер!

Байрам баласы өскенше тасы өрге домалап, аз уақытта байып шыға келеді. Мыс кеніне үлескер боп, мол дәулетке кенеледі. Айналасына сыйлы да, ықпалды адам атанады. Бірақ байлыққа бола досына берген сертін ұмытқан емес. Демек, енді тойдың ауылы алыс емес деген сөз! Енді бір-бірін көріп, білмеген қыз бен жігіт үшін сәт сағаты соққанда ата-ананың айтқанына көне ме?

-Керім екеуміз бір қызды айттыруға барамыз.

-Мен де сол туралы сөйлесейін деп едім.

-Уақыты келді. Берген уағдамызды бұзбай, қыздың үйіне барып құда түсеміз. Қалыңдығың сені күте-күте шаршады.

-Бұл айтқаның болмайды, әке!

-Таңертең жолға шығамыз.

Әйтсе де, ата-аналар ұзақ уақытта заманның өзгергенін, жастардың көкірегінде жаңа арман, жарқын тілек көктеп келе жатқанын ескермеген еді. Сөйтіп, тартысқа түскен тағдырлар небір шым-шытырық оқиғалар аясында одан ары шиыршық атып шиеленісе түседі.

-Айғай-шу шығармай тыныш жүрсең рахмет айтар едім. (истерика) Алаңдама, шу шығармаймын. Бірақ мені былай қорлап кеткенің үшін жақсылап тұрып сазайыңды тартқызамын. Ант етемін!

Тату достардың достығы жалғаса ма, әлде олар қас дұшпанға айнала ма? Есейіп-бой жеткен балалардың көңіл жарастыра ала ма? КТК-да тапжылмай отырып, тамсана көрер телехикаяны өткізіп алмаңыздар!  Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 19:00-де «Шырғалаңды» көріңіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде