АҚШ-та жантүршігерлік апат
Ішінде 200 жолаушысы бар пойыз рельстен шығып кетіп, платформаға барып соғылды. Бірақ сонда да тоқтай алмай, бекеттің ішіне бұзып-жарып кірген.
Автор: Аруна Ортай
30.09.2016
Бәрінен бұрын пойызды күтіп, платформада жағалай тұрған жолаушылар зардап шекті. Ауыр жарақаттанған жұрттың саны жүзден асып жығылады. Бір адам сол жерде қаза тапқан. Аса жоғары жылдамдықпен жүйіткіген жолаушылар пойызының бекетке жеткенде не себепті тоқтай алмағаны әзірге белгісіз. Болжам бойынша тежегіші істен шығып қалған болуы мүмкін. Алайда тергеушілер машинистен де кінәрат кеткен дейді. Жүргізушінің өзі дін аман. Дегенмен, зардап шеккендердің халі тым нашар. Қазір жергілікті тұрғындар олар үшін жаппай қан өткізіп жатыр.
Луи Мелендес, оқиға куәгері:
-Елдің бәрі есеңгіреп қалды. Көзді ашып жұмғанша пойыз барлығын тас-талқан етті. Айналаның бәрі қан. Нью-Джерсиде көп жылдардан бері тұрамын. Бірақ дәл мұндай жағдайды көрген емеспін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!