{metadescription}
0:000:00
Алматыда құтқарушылар қолдан жасалған өртті сөндіре алмай ұятқа қалды

Алматыда құтқарушылар қолдан жасалған өртті сөндіре алмай ұятқа қалды

«Өрт сөндірем» деп өздеріне су шашты. Алматыда төтенше жағдай өкілдері өткізген жалпықалалық сейсмикалық жаттығу кемшіліксіз болмады. Сейсмикалық жағдайға сақадай сай екендіктерін көрсетуге келген төтеншеліктер қолдан жасалған өртті сөндіре алмай, шлангасы үзіліп, біраз әбігерге түсті. Тұрғындар оқыс жағдайларға дайын болу үшін ұйымдастырылған осындай жаттығу Өскемен қаласында да өтті.

Жаттығу осылай дабыл қағудан басталды. Қала бойынша 242 құлақтандыру құрылғысы бір мезетте іске қосылған. Сценарий бойынша, Алматыда жер сілкініп, төтенше жағдай болады. Бір жерде көлік өртеніп, оны сөндіретіндер дереу жетті. Бірақ, ойдағыдай өтіп жатқан жаттығудың сәнін өрт сөндірушілердің өздері кетірді. 

Өртке бағытталуы тиіс көбік су өздеріне шашылып, оны жөндемек болғанымен, бұнысынан түк шықпады. Әйтеуір, қолдан жасалған өртті әупірімдеп жүріп өшірді. Дегенмен, төтеншеліктердің мұндай жаттығуына өзгелерді қайдам, өз басшыларының көңілі толады екен.

Бейбіт Еңсебаев, Алматы қалалық ТЖД қызметкері:

-Телерадио хабарларды тоқтатып, құлақтандыру жұмыстарын жүргіздік.  Жаттығу өзінің діттеген міндетінен шықты. Барлық осы қатысқан жеке құрам өзінің жоғары дайындығын көрсетті.

Халықты құлақтандыру үшін хабарлау құрылғыларынан бөлек, 164 кабельдік және сандық телеарна, 15 радиоарнаның жұмысы тоқтатылып,  арнайы хабарландыру жасалған. Ал мына шараға 27 техника мен 80-нен астам құтқарушы тартылды. Үйінді астында қалған адамдарды іздеуде иттердің де көмегі зор. Тіл алғыштығы сондай, айтқанды бұлжытпайды.

Төтенше жағдайға қатысты халықты ақпараттандырудан бөлек, қаладағы құрылыс нысандарының беріктігі де өзекті мәселе. Кей алматылықтар сонау 60-шы жылдары салынған ескі үйлерде әлі тұрып жатыр. Сондықтан ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігі де пысықталуы тиіс.

Нұрлан Мадьяров, Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

-Қазіргі уақытта Алматы қаласында жер сілкінісіне төзімді құрылыс бағдарламасы жүргізіліп жатыр. Сол арқылы қаладағы барлық көпқабатты ғимараттарды бекіту туралы тапсырмалар берілді. Қала басшылығы соның ішінде алдымен ескі үйлерден құтылуға тырысып жатыр.  

Дәл осындай жаттығу Өскемен қаласында да өтті. 5 балдық жер асты дүмпуі салдарынан 12 қабатты тұрғынүйде жеделсаты тоқтап, ішінде адам қалып қойған. Қирандының астында қалғандары да бар. Оларға құтқарушылар лезде жетіп, тиісті көмек көрсетті. Бірақ Алматыдағыдай жағдай қайталанған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде