Қытай валютасы әлемдік алыптардың қатарынан бір-ақ шықты
Ертеңнен бастап юань ресми түрде халықаралық резервтегі валютаның бірі. Яғни, бұдан былай төрткүл дүниені билеген ақша төртеу емес, бесеу болмақ.
Автор: Аруна Ортай
30.09.2016
Әрі Қытай ақшасы жапонның иені мен британ фунтын ысырып, 11 пайыз үлеспен 3-ші орынды ойып тұрып алған. Яғни, жаһандағы сауда-саттықтың оннан бірі енді осы юаньмен жасалады деген сөз. Ал бірінші орында әдеттегідей – доллар. Ол жалпы қаржы нарығының 40 пайызын құрап отыр. Сұранысы соңғы кезде әлдеқайда азайған еуро 37 пайыздан 31-ге төмен түскен. Сарапшылар Еуроодақтың төл валютасы әрі қарай да төмендейді деген пікірде. Өйткені, халықаралық сауда-саттықта онымен есеп айырысу бұрынғыдай ұтымды болмай қалған көрінеді. Ал күшейген қытай ақшасын халықаралық қаржы қоры лезде әлемдік резервтік валюталар қоржынына кіргізіп қойды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!