{metadescription}
Елімізде кісі тасып жүрген вагондардың іші микробқа толы, ал жаймалары ескіріп кеткен
Елімізде кісі тасып жүрген вагондардың іші микробқа толы, ал жаймалары ескіріп кеткен

Елімізде кісі тасып жүрген вагондардың іші микробқа толы, ал жаймалары ескіріп кеткен

Вагон іші микроб пен бактерияға толы. Ал ақшаға билет сатып алған жолаушылардың астына ескі кір жаймалар төселіп келген. «Қазақстан темір жолының» осындай былығын әшкерелеген Бас көлік прокуратурасы бұдан өзге сорақылықтарды жариялады.

Ең жаға ұстатарлығы - облыстарға қатынайтын барлық пойыздарда жолсеріктер жолаушылардың астына 100 мың дана жыртылған, ескі жайманы төсеп келген. Негізі жөнді жуылмайтын кір төсеніштердің әлдеқашан  көзі құртылуы керек екен. Тағы бір қорқыныштысы -  күніне мыңдаған адам мініп түсетін вагондардан денсаулыққа қауіпті микроп пен бактериялар табылыпты. Лас дәретхана, қапырық ауа сияқты антсанитарияны айтпағанда, пойыздарда кісі тұтынатын ауыз судың сапасы да талапқа сай болмай шыққан. Бұдан қалды прокурорлар бірінші рет теміржолдағы билеттің тапшылығына жолсеріктер мен кассирлерді ашық айыптады. Әсіресе, кассирлер мереке күндері бір вагондағы орынды тұтас өз атына брондап, кейін билет іздегендерге қымбатына сатып отырған. Сонымен қатар билетсіз адам тасу әлі тыйылмаған. Осы жерде прокурорлар күллі елге аты шыққан «Алматы -Атырау» пойызының дәлізде ұйықтап жатқан жолаушыларын мысалға келтірді. Ал «Қазақстан темір жолы» кір жайманы жоққа шығарса, желдеткіштің жоқтығын былай деп түсіндірді.

Нұрдәулет Қилыбаев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті:

-Бүкіл пойызда кондиционер  жоқ деп айтуға болмайды. 2000 вагон болса, соның кейбіреулерінде жоқ екені рас. Оның бәрі Кеңес Одағы  кезінде алынған вагондар. Оларда зауыттан шыққанда желдеткіш атымен болмаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде