Шымкентте алаяқ африкалықтар ұсталды
Нигериядан келген қос қара нәсілді жалған доллар жасағандары үшін істі болмақ.
Автор: Бек Әбиев
03.10.2016
Елге қыркүйек айында ғана ұшып келген 30 және 39 жастағы екі жігіт шымкенттік кәсіпкермен танысқан. Олар іскердің «бекіре балығын көбейту» туралы бизнес-жоспарымен танысып, 8 миллион доллар инвестиция құюға уәде етіпті. Бірақ ол үшін кәсіпкерден алдап-сулап 16 мың долларын алған. Қуанып кеткен қара нәсілділер оны жалдамалы пәтерлеріне әкеліп, жалған ақша жасаудың құпиясымен бөлісіпті. Қара қағазға химикат құйып, долларға ұқсас купюра шығарғанын көрген бизнесменнің өзі-ақ оларды полицияға ұстап берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!