ОҚО-да жантүршігерлік апаттар үшін жауаптылар жаппай жазалана бастады
Оңтүстік Қазақстанда бірінен кейін бірі орын алған жол апаттарынан соң полицейлер жазаланып жатыр. Екі апта бұрын «Ташкент-Шымкент» күре жолының айналдырған 20 шақырымдық бөлігінде 3 апат болып, 12 адам өлді. Тағы 22-сі ауруханаға түскен. Ауыр зардаптың алдын алуға болады деген Ішкі істер министрлігі мен аймақтағы басшылығы жол полициясының үш инспекторы жұмыстан қуды.
Автор: Бек Әбиев
03.10.2016
Нұржан Әбдіраманов, ОҚО жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:
-Жол патрульдік полициясының кінәсі сол кезде «Автобус» іс-шарасы жүргізілді. Және де сол өздерінің аумақтарында мына «Форд-Транзит» автокөлігі нде шамадан тыс 20 адам болғанын біле тұра, ешқандай шара қолданбай өткізіп алған.
Осы «Форд Транзит» 19-шы қыркүйек күні 20 шақты жолаушыны әкеле жатып, қарсы беттегі «Тойотамен» соқтығысқан. 6 адам қаза тауып, қалғандары әлі ауруханада жатыр. Тағы екі күннен кейін «Фольксваген» жеңіл машинасы Өзбекстаннан жұмысшыларды әкеле жатқан «Киа» шағын автобусымен соқтығысып, екі адам сол жерде тіл тартпай кеткен болатын. Біреуінің тіпті басы жұлынған. Тура ертесіне мұнда өзінің үйлену тойына асығып келе жатқан жігіт «Мерседесімен» жол жиегінде тұрған «Газельге» соғылды. 25 жастағы күйеу жігіт пен оның қос қарындасы және досы сол жерде жан тапсырды. Ел арасында «ажал жолы» деп аталған трассада қазір бақылау күшейтілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!