{metadescription}
Қарағандыда терроризмі үшін сотталған мұғалім жаланың құрбаны болғанына өкінеді
Қарағандыда терроризмі үшін сотталған мұғалім жаланың құрбаны болғанына өкінеді

Қарағандыда терроризмі үшін сотталған мұғалім жаланың құрбаны болғанына өкінеді

Қарағандыда бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берді деп айыпталған мұғалім 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Физика пәнінің оқытушысы Юрий Пакқа қатысты тергеу 1 жарым жылдан аса уақыт жүрген.  Оның ұялы телефонынан түсті делінген хабарламадағы дауыс 5 рет сараптамадан өтті. Бірақ барлығы да бір-біріне кереғар. Ақырында адвокаттар қоңыраудың басқа телефоннан түскенін растайтын ресми анықтаманы да ұсынған екен. Алайда, оның айыпталушыға көмегі тимеді. 

Ұстазын қолдауға сот алдына, әсіресе, мектеп оқушылары көптеп жиналған. Оның сыртында туғандары және осы сот ісіне бей-жай қарамайтын қарапайым тұрғындардың да қарасы қалың. Қуықтай бөлмеде оқылған үкім жиналғандардың төбесінен жай түсіргендей болды.

Атышулы істе қисынсыздықтар көп. Біріншіден Юрий Пактың телефонынан шалынған қоңырау 6 секундқа созылған. Ал жарылғыш зат туралы хабарлаған адам «102» операторымен 3 минутқа жуық сөйлесіпті. Тергеушілер құтқарушыларға түскен қоңырау 6 секундтан кейін «102» нөміріне ауыстырылған дейді. Ал адвокаттар сотқа 3 минуттық қоңырау төтенше жағдайлар департаментіне қарасты қалалық нөмірден шалынғаны туралы анықтама да ұсынған екен.

Сергей Ким, Ю.Пактың адвокаты:

-«102»-ге қоңырау шалынған қалалық телефон нөмірі «102»-мен ішінара байланыспаған. Демек, ол ұялы телефоннан түскен қоңырауды 102-ге аудара алмайды. Қоңырау қалалық телефоннан шалынғанын анықтама растап отыр. Бірақ сот бұл дәйекті керек қылмады.

Сонымен қатар, Пактың қоңырау шалынған уақытта телефонмен сөйлесіп емес, сыныпта парталарды қозғап жүргенін куәгерлер растаған. Сонда қоңырауды кім және қайдан шалды? Тергеу мен сот ісі айналып өткен, жауабы табылмаған сұрақтар өте көп дейді адвокаттары.

Енді олар міндетті түрде апелляциялық арыз береміз дейді. Өйткені тергеу мен сот белгілеген сараптамалар да бір-біріне кереғар болды. Екіншіден, үкім шығар алдында қоңыраудың басқа нөмірден шалынғанын растайтын анықтама назарға алынбағаны адвокаттардың ашуын келтіріп отыр. Ал кеше ғана қатерлі ісіктен қаза болған шешесін жерлей де алмаған ұстаз теңселген күйі темір тордың арғы жағына кетті.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.