Теңгенің үш банкнотасы ертеңнен бастап айналымнан шығады
Яғни, ескі 2 мың, 5 мың және 10 мың теңгеліктер бүгін соңғы рет қолданылып жатыр. 4 қазаннан бастап бұл банкноталармен төлем жасауға тыйым салынған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
03.10.2016
Күшін жоятын 2006 жылы басып шығарылған қағаз ақшалар. Айналымнан шыққанымен, ескірген 2 мың,5 мың,10 мыңдықтарды банктерден айырбастап алуға болады. Келесі жылдың қазан айына дейін кез-келген екінші деңгейлі банк купюраны жаңасына ауыстырып беруге міндетті. Одан кейін айналымнан шыққан теңгелерді тек Ұлттық банк қабылдайды. Ақшаны 2020 жылдың үшінші қазанына дейін ауыстырып үлгерген жөн. Себебі, одан кейін бұл номиналдар мүлдем жарамсыз болып қалмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!