Қашағанның мұнайы жаңа құбыр желілеріне түсе бастады
Қазақстанға тиесілі Каспий түбінен «қара алтын» қайта шықты! Сан мәрте шегеріліп ұзақ күттірген Қашағанның мұнайы бүгін жаңа құбыр желілеріне түсе бастады. Сүйіншілетіп хабар таратқан инвесторлар енді қарқынды бұдан да көбейтуге күш салғалы жатқандарын мәлімдеді.
Автор: Ербол Сейілхан
03.10.2016
Бірақ әзірше, мұнай жағаға баратын, бастан-аяқ ауыстырылған құбырларға жіберілген. Сынама сәтті өтсе, Каспиидің «қара алтыны» бюджетті қампайтуы тиіс.Айта кетсек, дүниежүзіндегі ең ірі кен орнында 3 жыл бұрын мұнай өндіру тегіс тоқтатылған болатын. Бұған теңіз астындағы 200 шақырымға созылатын құбырдың тесілуі себеп.Желіні ауыстыру ұзаққа созылып, соңында біздің Үкімет бірнеше миллиард доллар табыстан қағылғаны бар. Ал Қашағанға АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италияның алпауыт компаниялары мол ақша салғанын ескерсек, бұл үлкен коммерциялық жоба. Әрине, Қазақстанның үлесі де жоқ емес. Енді жаңаланған құбырлардан тағы ақау шықпаса, жұмыс істеуінен тұралауы көп болған Қашаған пайда әкелуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!