{metadescription}
0:000:00
Алматы әуежайына улы сынап төккен азаматтың кім екені анықталды

Алматы әуежайына улы сынап төккен азаматтың кім екені анықталды

Удан да қауіпті сұйықтық Алматы әуежайын дүр сілкіндірді! Шыны ыдыстағы сынапты Тбилисиге тасымалдамақ болған жолаушы тексерістен өте алмай, сұйықтықты сол жердегі қоқыс жәшігіне төккен.

38 жастағы ер адам онысын бірден мойындаған жоқ. Алдымен сусын, сосын «дәрі» деп бақылаушылардан айласын асыруға тырысты. Ал одан күдіктенген қызметкерлер бірден тәртіп сақшыларын шақырыпты. Бірақ полицейлер келгенше тексерістен өте алмаған жолаушы сынаптан құтылмақ болған. Сөйтіп, адамдар далаға шығарылып, төтенше жағдай қызметкерлері шақыртылды. Әуежай химиялық заттан тез арада тазартылған. Ал сұйықтықты жасырын алып өтпек болған азаматтың өзі қазір тергеліп жатыр. Ол енді осы әрекеті үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тіпті, әуежайды аяғынан тұрғызған жолаушының кесірінен рейстердің сағаттап кешігуіне де тура келді. Жалпы саны 6 әуе кемесі уақытылы ұша алмай қалды.

Сейітжан Құспанов, Алматы қаласы мемлекеттік кіріс департаментінің жетекші маманы:

- Қол жүгін тексеру кезінде белгісіз химиялық зат алынған. Құтқарушыларды шақырдық. Тіркеу өткен жолаушыларды қауіпсіз маңайға шығардық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.