{metadescription}
0:000:00
Таразда үй-күйсіз жүрген жандарға баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі туды

Таразда үй-күйсіз жүрген жандарға баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі туды

«Бәйтерек» холдингінің еншілес «Қазақстан ипотекалық компаниясы» мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерден пәтер алуға шақырады. Су жаңа нысандардың сапасына кепіл берген компания баспанаға қол жеткізудің ең тиімді жолдарын ұсынуда.  

Назира Мақашева үй-күйсіз жүрудің машақатын жақсы түсінеді. Бұған дейін үш баласымен пәтер жалдап тұрған ол, «он ойланып, мың толғанып» ақыры осы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ұсынған жоба аясында үйлі болуды ұйғарыпты. Осылайша, үш баланың анасы бес жыл бұрын кезекке тұрып, жуырда екі бөлмелі пәтер алды. Қазір 65 шаршы метрге 57 мың теңге төлеп тұрады.

Нәзира Мақашева, Тараз қаласының тұрғыны:

-Жүйе жақсы жасалған. Мен біраз жыл пәтер жалдап тұрғанмын. Ақшаны үйдің қожайынына бергенде, бекерге ауаға шашқандай болушы едім. Ал қазір ақша аз төлеймін оның үстіне пәтердің түбінде өзімде қалатынын білемін.

Жалға берілген үйден үміттілер: көп балалы және толық емес отбасылар. Мүгедек жандар мен жетімдер. Оралмандар, сондай-ақ бюджеттік, әскери және мемлекеттік қызметтегілер. Соңғы санат бойынша баспаналы болған Ерсайын Әділов үй алуда еш қиындық болған жоқ дейді. Әйелі кепіл болып, қазір ерлі-зайыпты 82 шаршы метрді құрайтын үш бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Әрі құрылыс сапасына да көңілі толады.

Ерсайын Әділов, Тараз қаласының тұрғыны:

-Үйдің жағдайы жаман емес жалпы, себебі жаңа . Қазір дамыған заман ғой түрлі технологиямен салып жатыр. Жақсы кең ең бастысы, жылы. Енді қыстап көреміз, суық емес сияқты жалпы.

Бұл бағдарламаның өзгелерден ерекшелігі жалға алған үй келешекте басы бүтін өзіңе рәсімделеді. Қалтаң көтерсе бес жылдан асқан күні меншіктеуге болады. Әрі кей санаттағы кісілерге жалға алу мерзімін 20 жылға дейін созуға мүмкіндік бар. Айта кетейік, республика бойынша   «Бәйтерек» холдингінің еншілес «Қазақстан ипотекалық компаниясы» жыл соңына дейін 326 мың шаршы метрді құрайтын баспана беруді жоспарлауда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде