{metadescription}
Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз еркектермен төсектес болмасы үшін қандай қулыққа барғанын айтты
Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз еркектермен төсектес болмасы үшін қандай қулыққа барғанын айтты

Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз еркектермен төсектес болмасы үшін қандай қулыққа барғанын айтты

Бахрейнде секс-құлдықта болған қарағандылық қыз елге оралды. Жат жерде жезөкшелік қызмет көрсеткен отандасымызды құлдықтан сол жақтың полицейлері құтқарған болатын.

Самал есімді бойжеткен қазір Астанада тұрып жатыр. Мұнда жігітімен қауышқан ол, кафеге жұмысқа тұрып жаңа өмір бастапты. Тіпті, тұрмыс құру жайын да жоспарлап жүр. Ал, туған жері Қарағандыға баруға қатты ұялады екен. Онда анасы мен екі жарым жастағы баласы барын айта кетейік. Енді 18 жастағы қыз басынан өткен сұмдық жайтты тезірек ұмытқысы келеді. Тіпті, Бахрейнге алдап апарған құрбысы мен жеңгетайлардың үстінен арыз да жазбаған. Дегенмен, еліміздің Сыртқы істер министрлігі кінәлілер жазасын алады деп сендіруде. Негізі, Самал Бахрейн астанасы Манамаға бір ай бұрын өз еркімен барған. Бірақ жақын танысы жұмысқа орналастырамын деп алдап апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлепті.

Самал:

-Неге екенін білмеймін арабтар Қытайдың қыздарын ұнатпайды. Сол үшін әдейі айтатынмын Қытайдың қызымын деп. Сол кезде мені таңдамайтын мүлде. Туыстарымнан қатты ұялып жүрмін. Қарағандыға барамын киімдерімді алу үшін ғана. Баламды сағындым, мамамды сағындым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде