{metadescription}
Атырау облысында тағы мал қырылып жатыр
Атырау облысында тағы мал қырылып жатыр

Атырау облысында тағы мал қырылып жатыр

Атырау облысында тағы да карантин жарияланбақшы! Өйткені Қызылқоға ауданында пастереллезден қойдың жаппай қырылуы әлі де тоқтар емес. Осы уақытқа дейін Ойыл ауылдық аймағына қарасты бір ғана серіктестіктен 500-ге жуық ұсақ жандық арам қатыпты. Ал жекелеген тұрғындардың малынан шығын болғаны – 100-ге жуық. Індетпен күресетін жергілікті ветеринарларда қаржы жоқ. Сондықтан тұрғындар малын аман алып қалу үшін өздері қам жасап жатыр.

Жұртты дүрліктірген белгісіз індет әзірге Ойыл ауылдық аймағында тіркеліп отыр. Ауласындағы азын-аулақ ірі қарасы мен ұсақ жандығының амандығын тілеген мұндағы халық қазір соңғы тиынына жан-жақтан дәрі алдыруда.

Кенжебек Шегетасов, Қызылқоға ауданының тұрғыны:

-6 бас қой кетті . Ауылдағы ветеринар дәрігерлерді шақырдық, қолдарында дәрі жоқ. Ауданнан алғыздық 5 000-ға екеуін. Жасыратыны жоқ, пышаққа ілінсе ақадал малымыз, өкпесі қарайып кеткен, өкпені лақтырып тастаймыз.

Аудандық әкімдіктегілер ауылдық аймақта 400-ге жуық қой өлді дегенімен, бұл шындыққа жанаспайтын секілді. Өйткені жергілікті шаруа қожалығы басшыларына сенсек, бұлардың өзінде қырылған мал саны 500-ге жетеғабыл. Ал ауырғандары мыңдап саналады.

Марат Құсайынов, мал дәрігері: 

-4 .679 мал болды негізі, соның 3673-і ауырды. Егілді нетокс деген дәрілермен. Бірақ, соның ішінде 471 басы арам өлді. Жас төлдерден мысалы еркек тоқтыдан 167 бас, 28 тамыз бенен 30 қыркүйек арасында.

-Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ұсақ жандық белгісіз дертпен тамыз айынан бастап ауырған. Қой-қозы әуелі жөтеліп, кейін аузы-мұрнынан су ағып, арам қататын көрінеді. Күні кеше мұның пастереллез екені анықталып, енді ауданда карантин жариялануы мүмкін.

Ал әзірге Ойыл ауылдық аймағына қарасты ауылдар мен мал өлімі көп тіркелген шаруа қожалығында шектеу қойылған. Әкімдіктегілердің айтуынша, ауылдағы ауырған малды емдеу үшін қазынадан қаржы бөлінбепті. Сондықтан мамандар тұрғындарға ақыл-кеңес беруден аса алмай отыр.

Серікбай Латиев, Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімінің басшысы:

-Антибиотиктерді сатып алуға жеке тұрғындардың қаражаты есебінен жүреді. Біз қандай дәрі қолданатынын айтамыз, қай жерде болатынын айтамыз. Осы жаңа сіз барған округтердегі тұрғындар негізінен Батыс Қазақстан облысынан алдырды дәрілердің бәрін.

Мал мамандары биыл қой-қозының көптеп қырылуын көктемнің жаңбырлы болуымен түсіндіріп отыр. Бұл жерде жас төлді ауа райының суықтығына қарамай жайылымға жіберген тұрғындардың да кінәлары бар дейді олар. Өйткені ағзасы әлі бекімеген төлдер жаңбырда қалып, өкпелеріне салқын тигізген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде