{metadescription}
Петропавлда газгольдер жарылып, үш адам ауыр жарақат алды
Петропавлда газгольдер жарылып, үш адам ауыр жарақат алды

Петропавлда газгольдер жарылып, үш адам ауыр жарақат алды

Олардың екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бет-аузын күйік шалған 24 жастағы жігіт хирургия бөліміне түсіпті.

Оқиға өткен кеште болды. Газ компаниясының қызметкелері құрылысы бітпеген жер үйлердің жанынан қазылған газгольдерге көгілдір отын құйып жатқан. Кенеттен қатты жарылыс болып, айналаның бәрі өртке оранады. Жұмысшылармен қоса, сол үйдің дарбазасын орнатып жатқан екі ер адам да зардап шекті. Өрт сөндірушілер пропан газынан шыққан алауды көбікпен әзер сөндіріпті. Ал өлім аузынан қалған үш адам жақын арада ауруханадан шықпайтын сыңайлы.

Уәли Бедешев, травматолог:

-Білмейміз қанша жататынын әлі. Екеуі реанимацияда жатыр. Жағдайлары ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде