Ақтөбеде күш құрылымдарының жаттығуы жұрттың зәресін алды
Ақтөбе жұрты таң атысымен тағы дүрлігіп қалды. Лаңкестік шабуылдардан кейін жүректері шайлығып қалған тұрғындар қаланың бірнеше ауданында тәртіп сақшылары қаптап, әкімшілік ғимараттарды қоршай бастағанда үрейленген.
Автор: Жаңалық Ахаш
04.10.2016
Тіпті жедел жәрдем мен өрт сөндіретін көліктердің дабыл белгісі түске дейін қала бойынша тынышталған жоқ. Бетперде киген сарбаздар «Нұр Отан» партиясы мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру иститутының ғимараттарына келгендерді әй-шәйға қаратпай қуып шыққан. Артынша иісшіл иттермен кинологтар да жетті. Сол маңдағы Абай атындағы гүлзар жанындағы жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды. Сөйтсе, бұл күш құрылымдарының жаттығуы екен. Мұны өздері тек түске таман хабарлады. Аймақтағы күш құрылымдарының әзірлігін Астанадан келген антитеррорлық штаб өкілдері сынамақ болыпты. Сондықтан алдын ала ешкімді ескертпеген. Ал жаздағы содырлардың сойқанынан жүрегі шайлығып қалған тұрғындар апта сайын өткізілетін мұндай жаттығудан зәрезап болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!