{metadescription}
Елімізде ағза донорлығына мұқтаждар қатары артқан
Елімізде ағза донорлығына мұқтаждар қатары артқан

Елімізде ағза донорлығына мұқтаждар қатары артқан

Бүгінде 5 мыңға жуық отандасымызға трансплантация жасату қажет. Алайда дәрігерлердің айтуынша, медицинаның осы саласын дамытуға қоғамдағы кереғар пікір айтарлықтай кедергі болып отыр.

Ал шетелде бұл мәселе жолға қойылған. Мысал үшін, Беларусьта трансплантацияның 97 пайызы ішкі ағза донорлығы болып келеді екен. Яғни, донорлардың түгелге жуығы сол елдің азаматтары. Ал біздің елімізде осындай операцияны қажет ететін 5 мыңдай науқас болса, соңғы 4 жыл ішінде мыңға жетер-жетпес қана ота жасалған. Ал донорлар қатарын арттыруға көп жағдайда халықтың теріс көзқарасы кедергі болып отыр. Жалпы біздегі заң бойынша, марқұм болған адамның ағзасын донорлыққа алу үшін біреуден рұқсат сұрау міндетті емес. Дегенмен, дәрігерлер әлі күнге мәйіттерден туыстарының рұқсатынсыз бірде-бір ағза алмағандығын айтады. Сондай-ақ, өзгеге көмек ретінде өлінің ағзасын алуға хақ дініміз де тыйым салмайды екен.

Венера Алтынова, Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығының бөлім жетекшісі:

-Апатқа ұшырағандар, миына қан құйылғандар болады. Сондай науқастардан ағзалар алынады. Бірақ, олардың саны 2-3 есе көп болады донор есебінде саналғандардан. Ондайлар көп болғанымен, тума-туысқандарының екінің бірі рұқсатын бере қоймайды. Бүгінгі біздің ең алда тұрған мәселеміз осы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде