{metadescription}
0:000:00
Семейде полиция қызметкерлері қоқыс толы қаптарды ақтаруға шықты

Семейде полиция қызметкерлері қоқыс толы қаптарды ақтаруға шықты

Осылайша көрінген жерге тұрмыстық қалдықтарын тастап кеткендерге қатысты айғақ затты тауып, оларды жазаламақшы. Өйткені шеткі аудандарды айтпағанда қаланың орталығын қоқыс басып қалған. Шарасы таусылған тәртіп сашқылары қоршаған ортаны ластағандарды тіпті тәуліктеп қамауға көшті. 

Бұл – Семейдің басты көшелерінің бірі. Өйткені жан-жақтан келген жұрт алдымен осы Жоламан кентін басып өтеді. Алайда күре жолдың жиегі жер үйлерден шыққан қап-қап қоқсықтан көрінбейді. Мұндағы тұрғындарға қанша ескерту жасалғанымен оны елеген біреуі жоқ. Сондықтан оны лақтырған адамды табу үшін полицейлер елдің қалдығын ақтаруға мәжбүр. Арасынан айғақ ретінде құжаттарының көшірмелері шықса да, жұрт жазадан жалтарып әлек.

-Қағазды әкеліңіз! Қағазды беріңіз деймін!

Ал мұндағы тұрғындардың көпшілігі тұрмыстық қалдық әкететін мекемелермен келісім-шарт жасамаған. Жасауға асықпайды да. Тіпті кейбіреуі ай сайын көрсетілген қызметке төленетін 1000 теңгені көпсінеді.

-Қайда төгіп жүрсіздер?

-Менен қоқыс шықпайды.

- Оны қайда апарасыз?

-Білмеймін қайда төгетінімді.

Тәртіп сақшылары төңірегін ластағандарға ескерту жасаудан әбден шаршаған. Сондықтан құлақ аспағандарды жаппай әкімшілік жауапгершілікке тартуға көшті. Сөйтіп, қолға түскендердің «әке-көке» дегеніне қарамай, бірден хаттама толтырып жатыр.

-Қай жерге тастадыңыз?

-Мектептің қасына тастадыңыз ба?

-Иә.

-Көшенің бойына ма?

-Сол жолдың бойына жинайтынбыз.

Осылайша бір күнде 55 адамның атына хаттама толтырылған. Оның бесеуі әкімшілік сотқа жолданды. Онда жауапқа тартылғандар кешірім сұрап, көз жасын көлдеткенімен төрт адам 3 тәулікке қамалды. Ал қалғанындарына 20 мың теңгеден айыппұл арқалатыпты.

Бірақ бұл жазаның өзі тазалықтан жұрдай тұрғындар үшін сабақ болмай отыр. Қалтасынан тиын шығарғысы келмейтіндер түнделетіп, жол бойына қоқысты үйіп тастайды. Ондайларды ұстау үшін көше бойына айналдыра камера қоюдан басқа амал жоқ.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.