{metadescription}
Жаңаөзенде айлығын еселеп көбейтіп  алған мұнайшылар ереуілді тоқтатты
Жаңаөзенде айлығын еселеп көбейтіп  алған мұнайшылар ереуілді тоқтатты

Жаңаөзенде айлығын еселеп көбейтіп алған мұнайшылар ереуілді тоқтатты

Жаңаөзенде 6 күн бойы наразылық танытқан мұнайшылар жұмыстарына қайта кірісті. Облыс әкімі Алик Айдарбаевпен 6 сағат келіссөз жүргізген олар ақыры дегендеріне жетіп, наразылық шеруін тоқататқан. Жергілікті билік мұнайшылар қойған барлық талапты орындауға «Бұрғылау» компаниясын көндіріпті. Ал олардың негізгі сұрағаны - айлықты көтеру болатын. 

«Бұрғылау» серіктестігінің белсенділері мен облыс әкімі арасындағы жабық есік жағдайда өткен келіссөз бірнеше сағатқа созылды. Ертеден кешке дейін созылған салғыласудан әйтеуір нәтиже шыққан. Бұл үшін Алик Айдарбаев компанияға тағы 34 жерден ұңғыма қазуға тапсырыс беретінін жеткізді. Әйтпесе соңғы уақытта жұмыс көлемі азайған серіктестіктің жалақыны көтермек түгілі оны уақтылы төлеуге қауқары болмай қалыпты. 

Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі:

-Алған тапсырыстары жыл соңына дейін тоқтаусыз жұмыс істеуге жетеді. Енді тариф мәселесін қарастырамыз. Осы арқылы кәсіпорын жұмысшыларының жалақылары ұлттық компанияда төленетін еңбекақымен теңеседі деп ойлаймыз

Мұнай-газ саласындағылардың жалақыларын басқа жолмен теңестіре салуға болмайды екен. Өйткені бұл жүйе тек ұлттық компанияларда енгізілген. Ал мұнайшылары наразылық білдірген жеке кәсіпорын оның құрамында емес. Сондықтан ол жалақы мәселесін өздері реттеуі керек. Бұл үшін биліктегілер мекемеге келесі жылы да тапсырыстарды көптеп береміз деп отыр. Қойған талаптары бірден болмаса да, біртіндеп орындалатыны  мұнайшыларды бұл жолы сабасына түсірген тәрізді.  

Сәкен Бекқалиев, «Бұрғылау» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы:

-Дау бітті. Ары қарай қоян-қолтық жұмыс жасаймыз деп уәде беріп жатырмыз бір -бірімізге. Қалған мәселелер күнделікті жұмыс барысында шешіле береді.

Тараптарды ымыраға әкелген келісімге қол қойылысымен мұнайшылар үйді-үйіне тарқасты. Ал бүгіннен бастап күнделікті жұмыстарына қайта кірісіп жатыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде