{metadescription}
0:000:00
 Астанаға өте құпия түрде жеткізілген Кейкі батырдың бас сүйегін оның ұрпақтары да көре алмады

Астанаға өте құпия түрде жеткізілген Кейкі батырдың бас сүйегін оның ұрпақтары да көре алмады

Жүз жылдан соң орындалған арман! Астанаға 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің даңқты қолбасшыларының бірі, атақты мерген Кейкі батырдың бас сүйегі ақыры жеткізілді. Торғай даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатына, кейін «қызылдарға» қарсы шыққан оны большевиктер айуандықпен өлтіріп, екі қолы мен басын кесіп алған болатын. Содан батырдың басы Петербордағы музейде сақталып, Қазақстанға қайтарылмай келді. Бірақ, Астана мен Мәскеу арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін әйгілі қолбасшының сүйегі түнде Елордаға жеткізілгенімен, оны ешкім көре алған жоқ.

Кейкінің басын әкелу құдды бір құпия іс-шараға ұқсап кеткендей.Петерборға жіберілген арнайы ұшақ белгіленген уақыттан Астанаға бұрын  жетіп, бас сүйекті түнде жасырын жолмен алып кеткен. Сондықтан әуежайда тағатсыздана күтіп тұрған батырдың ұрпақтары да атасының басын көре алған жоқ. Бір ғасыр күткен істің ың-шыңсыз өткеніне олардың да өзектері өртенгенімен  бастысы даңқты бабаларын енді арулап жерлейтіндеріне шүкіршілік етеді. 

Өтеш Бекішов, Кейкі батырдың ұрпағы:

-Топырақтан жаратылған дүние топыраққа қайтадан түсуі керек. Бір жерде басы қалды, бір жерде денесі қалды. Бас пен дене бірігуі керек. Өз топырағына бұйыруы керек.

Бірақ, батырдың нақты қайда жерленетіні әзірге шешілген жоқ. Ұрпақтары туған жері Қостанай облысының Амангелді ауданына апарып қойғысы келсе, екіншілері Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленгені дұрыс деп отыр. Енді мұны жақында құрылатын Үкіметтік комиссия шешуі тиіс. Бір қызығы, әйгілі қолбасшының сүйегі музейге емес, Мәдениет министрлігіне қойылыпты. Негізі ғалымдар бұған дейін бас сүйектің Кейкі батыр екенін растағанымен, енді тағы бір нақтылау үшін Алматыда ДНК сараптамасы жасалмақ.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

-Зерттеуге сәйкес, бұл Кейкі батырдың басы екендігін сенімді түрде айтуға болады. Бірақ соған қарамастан ДНҚ-сараптама жасалады. Қазіргі таңда венгриялық ғалымдармен осы мәселеге қатысты келіссөз жүргізілуде. Олар зерттеу жұмысын қолға алуға дайын.Мәдениет министрлігі осы мәселеге қатысты арнайы жұмыс тобын құрды. Оның құрамына ғалымдар, музей қызметкерлері, археологтар, антропологтар кірді.

Кейкінің шын есімі– Нұрмағанбет Көкембайұлы. Жастайынан қайтпас қайсарлығымен танылған ол 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған Ұлт-азаттық көтерілісте ерлігімен көрінген. Талай жаудың басын шауып, кейін Кейкі атанған.

Қасым Мейірман, Кейкі батыр ұрпағы:

-Үлкен аталарымыздың өзі отырған уақытта «Кейкі» деп айтуға сескенетін еді. Айта алмайтын еді. Оның батырлығын, оның ерлігін, халыққа жасаған  жақсылығын айтып түгесу мүмкін емес.

1919 жылы қазақ халқының азаттығы үшін күрескен Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін, мергеннің соңына «қызылдар» түседі.   Большевиктер Кейкіні 1923 жылы ұстап басын кескен. Бірақ жау қолынан өлсе де, батырдың рухы тірі.

-Осылайша, Ресей жер үшін басын бәйгеге тіккен Кейкі батырдың бас-cүйегін  жүз жыл дегенде әзер қайтарды. Созбалаңға салуына қарағанда,  мүмкін, оларға қазақ рухын басу үшін керек болған шығар. Енді жоғымызды түгендеу жолында келесі кезекте қазақтың соңғы ханы Кенесарының басын әкелу қажет. Туған жерінің бір уыс топырағы бұйырмаған Хан Кенені де, арулап жерлейтін күн де алыс емес деп сенейік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.