{metadescription}
0:000:00
Алматы зообағында жирафтың төлі өліп қалды

Алматы зообағында жирафтың төлі өліп қалды

Алматы зообағында тағы бір жануар өлді. Бақ қызметкерлері бұл жолы жирафтың «Мелман» атты екі жасар төлінен айырылып қалды. Ал бұның неден болғанын өздері де білмейді.

Белгілісі, Мелманды басқа жерге көшірмек боп көлікке тиегелі жатқанда аяқ астынан құлап, өліп кеткен. Ақпарат құралдарының бірі жануар мойны сынып өлді деп ақпарат таратқан болатын. Одан бөлек, тор ішінде қимылсыз жатқан ақ аюдың да халі нашар деп жазды. Бірақ зообақ өкілдері мұның бәрін жоққа шығарды. Айтуларынша, тұруға ерініп жатқан ақ аюдың жасы отызда, яғни қартайған. Ал жирафтың баласына не жағдай болғанын енді сараптама анықтамақ.

Тоқтар Әлиев, Алматы зообағының баспасөз хатшысы:

-Сағат 4-тің кезінде ветеринар қараған кезде жағдайы жақсы болатын. Бір сағаттан кейін жираф құлап қалды. Оны қайта тірілтпек болғанымен, нәтиже шықпады. Болжам бойынша, уланған болуы мүмкін. Тиісті биоматериалдарды сараптамаға жібердік. Соның қорытындысын күтіп отырмыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.