Қарағандыдағы құс фабрикасының бірінде 16 мыңнан аса тауық қырылып қалды
Олардың барлығы кәсіпорынға соңғы рет жеткізілген жемнен сальмонеллез ауруын жұқтырыпты.
Автор: Саят Сабдалы
07.10.2016
«Құрма» құс фабрикасына соңғы рет азық қыркүйектің 20 да жеткізілген екен. Бірден 3 мың бас тауық баудай түскенде фабрикадағылар ауырып тұрған тауықтарды жеке ғимаратта оқшаулап отырған. Бірақ олар індеттен оңалмаған күйі қырыла беріпті. Аудандық ветеринария қызметі араласқан соң өлген тауық еті мен олардың жем- шөбінің сынамаларын зертханаға жөнелткен. Сараптама қортындысы сальмонеллез ауруын растады. Осыған байланысты кәсіпорын өнімдеріне уақытша шектеу қойылып отыр.
Марат Мұхтаров, Қарағанды облыстық ветеринарлық инспекциясының бастығы:
-Құс фабрикасынан мал өнімдерін сату, мекемеден шығуы, сонымен қатар шаруашылық қарым қатынасы тоқтатылады. Бұл шектеу. Құс фабрикасында дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!