{metadescription}
0:000:00
 Білім саласында даулы реформалар жүргізумен аты шыққан Түймебаев Оңтүстікке әкім болып тағайындалды

Білім саласында даулы реформалар жүргізумен аты шыққан Түймебаев Оңтүстікке әкім болып тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды. Күнгейді бар болғаны 1жыл 2 ай басқарған Бейбіт Атамқұловтың орнына Жансейіт Түймебаев жайғасты. Ұзақ уақыт Білім және ғылым министрі, бүгінге дейін Қазақстанның Түркиядағы елшісі болған жаңа әкімді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев таныстырып кетті.

58 жастағы Түймебаев шетелге үйреніп қалғаннан ба әлде қобалжуы басым болды ма әйтеуір лық толы залға кіргеннен қабағы ашылмады. Министр болып тұрғанында хиджабпен алысып, білім саласындағы ауқымды реформалар жүргізген Жансейіт Түймебаев сөзін осы оңтүстіктің тумасы екенін айтудан бастады.

Жансейіт Түймебаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Сіздерге Елбасымыздың сенімінің арқасында осы Оңтүстік өңіріне туған жерімізге әкім лауазымына келіп отырмыз. Бірақ, әкім басшы ондай мағынада емес. Қызметші мағынасында, қызметкер мағынасында. Барлығымыздың мақсатымыз Елбасымыз көрсеткен, айтқанымен қызмет жасау.

Ал Атамқұловтың керісінше езуі жиылған жоқ. Бір жылдан астам әкім боп тұрғанында Бейбіт Бәкірұлы аудан басшыларын жиі ауыстырумен және жергілікті тігіншілердің костюмін сатып алумен есте қалмақ. Жұрт алдында шығып домбыра тартқыш шенеунік күнгейге біраз инвестиция тартқаны да бар. Енді ол қорғаныс өнеркәсібі, ғарыш, ақпарат, тіпті кибер қауіпсіздік саласына дейін жауапты болмақ. Бүгіннен бастап Бейбіт Атамқұлов жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде