{metadescription}
0:000:00
Америкадағы алапат дауылдың ортасында Қазақстанның 3 студенті қалып қойды

Америкадағы алапат дауылдың ортасында Қазақстанның 3 студенті қалып қойды

Нью-Йоркте оқитын қыз-жігіттер Флорида штатына қыдырып барған екен. Табиғи апаттан құтқарылған отандастарымыз бір тәуліктен бері Майами әуежайында отыр. Қазір еліміздің Сыртқы Істер министрлігі жерлестерімізге көмек беру жайы мен зардап шегушілердің арасында басқа да азаматтарымыздың бар-жоқтығын дереу тексеруге кірісті.

- Әуежай босап қалды. Көп ешкім жоқ. Бірақ қауіпсіз жердеміз. Далада нөсерлетіп жаңбыр жауып тұрғаны естіледі. Жел де қатты.

Шыңғыс, Данияр мен Әлима Флоридадан Нью-Иоркке ұшқалы тұрған жерінде «Мэтью» дауылына тап болыпты. Қазір 3 қазақ студенті әуежайды паналап отыр. Оларға ыстық тамақ беріліп, бірнеше сағатта Нью-Иоркке жетесіңдер деп уәде етілген. Ал жылдамдығы сағатына 250 шақырымға жететін жел жолындағысының бәрін жайпап жатыр. Соңғы 9 жылда болмаған дауыл Кариб бассейніндегі елдерді аяп жатқан жоқ. Әсіресе, онсызда кедей мемлекет Гаитиде табиғаттың тосын мінезінен қаза тапқандап саны 400-ге жуықтады. Теңіз арнасынан асқандықтан төңіректі су басып  мыңдаған ғимарат жермен-жексен болған. Құтқарушылар жараланғандарды үйінде астынан шығарып үлгере алар емес. Сол "Мэтью" дауылы АҚШ-қа да жетті. Миллиондаған халық қауіпсіз жерге көшіріліп тіпті АҚШ президенті Флорида және Оңтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде