{metadescription}
Шымкент зообағы тағы экзотикалық аңдармен толықты
Шымкент зообағы тағы экзотикалық аңдармен толықты

Шымкент зообағы тағы экзотикалық аңдармен толықты

Бұл жолы зообаққа күнгейлік бизнесмен пуманың марғауларын сыйлаған. Туғанына 3 жарым ай ғана болған кішкентай жыртқыштар қазірдің өзінде мінез көрсетіп жатыр.

Қарағанды циркінен сатып алынған америкалық пуманың қос марғауы әзірше адамдардан үркіп жүр. Бір-бірінің бауырына тығылады. Оңтүстікке жеткізілгендеріне 2 күн ғана болса да бұл сүйкімді аңдарды тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Жұрт суретке түсіріп мәз-мейрам. Зообақ өкілдері пумаларға 90-шы жылдардан бері қолы жетпей жүргендерін айтады. Демеушілердің өзі жыртқыш марғаулар үшін қанша қаржы бөлгенін құпия сақтағысы келеді. Ал хайуанаттар бағы қызметкерлерінің міндеті –жануарларды аман-есен өсіріп, санын көбейту. 

Латипша Алиев, Шымкент зообағы директорының орынбасары:

-Жалпы, демеушілер есебінен зообаққа аңдарды тарту ету Еуропада кеңінен тараған үрдіс. Бізге мұндай сыйлық алғаш рет жасалды. Енді біз өзіміз пуманың аталығын алып, осы қос марғау есейген соң көбейтсек деп жоспарлап отырмыз.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде