{metadescription}
Алматы облысында шиеттей бала-шағасымен қаңғып қалған келіншек елден көмек сұрады
Алматы облысында шиеттей бала-шағасымен қаңғып қалған келіншек елден көмек сұрады

Алматы облысында шиеттей бала-шағасымен қаңғып қалған келіншек елден көмек сұрады

Алматы облысында көпбалалы ана адам төзгісіз жағдайда өмір сүруде! Жалғызбасты әйел 4 перзентімен көрінгеннің босағасын сығалап жүр. Себебі, маскүнем күйеуі бала-шағасын бір-ақ күнде аш-жалаңаш күйінде қуып шыққан. Содан бері бұл отбасының көрмегені жоқ. Қазір олар сыз тартқан аядай ғана сарайға тұрақтапты. Суық жерден балалар да, анасы да әбден аурушаң болып қалған. Бірақ емделу түгілі олардың нан мен қант алуға да ақшасы жоқ.

Бұған дейін түнемеген жері қалмаған көп балалы отбасының қазіргі тұрақтаған жері осы сарай. Бірақ, мұның өзі адам тұруға төзгісіз. Тар жердің іші сыз тартқан суық. Мұнда көшіп келген Магамедалиевтер сынған терезелерді қолдан келгенше жамап қойған. Ал әбден тозған еденнен кеміргіштер ішке қаптап кіреді. Бірақ көпбалалы әрі жалғызбасты ананың бұдан басқа барар жері жоқ. Себебі, жалғыз арқасүйер күйеуі оны 4 баламен бірге далаға қуып шыққан.

Хардам Магамедалиева, жалғызбасты ана:

-Бұл – негізі қаңырап қалған үй. Алғашында мұндағы жағдай тіптен нашар еді. Біз барынша ретке келтірдік. Жағдайымыз осы. Әрине, жалғыз өзіме өте қиын. Біра, мен балаларымды аш қалдырмау үшін барымды саламын.

Бұл үйдің кенжесі Мавидің жасы 7-де, ал үлкені небәрі 14 жаста екен. Шиеттей балаларға да, анасына да суық өтіп, жиі ауырады. Бірақ ауыруға уақыт та, жағдай да жоқ. Себебі, күйеуі тастап кеткен әйел қара жұмыс істеп, балаларын асырауы керек. Ол кейде егістікке барып шөп жинаса, бірде жұрттың сиырын сауады екен. Ал одан тапқан тиыны жүрекжалғарға әрең жетеді. Сондықтан әкесі өзектен тепкен балалары да ағаштан сыпыртқы жасап, нәпақа табуды үйренген.Тағдыр тауқіметін тартқан отбасыға ішінара көршілері көмектесіп тұрады. Киім-кешекті де солар береді екен.

Нархан Смайылова, көршісі:

- Ең болмаса өзінің баспанасы болса дейміз. 4 баламен әрі-бері көшу оңай емес. Осы күнге дейін қанша үй алмастырды. Жанымыз ашиды. Қолдан келгенше көмек береміз. Бірақ әрқайсымыздың отбасымыз бар ғой.

Қазір олар үй деп аузың бармайтын мына жерді сәл де болса жылыту үшін көмірге зар болып отыр. Тіпті сарайдың ай сайынғы төлемін мамырдан бері бере алмаған. Сондықтан, амалы қалмаған отбасы қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

 

Байланыс телефоны: 87786542920

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде