{metadescription}
Әділетсіздікке күйінген алматылық жүргізушілер көліктерін қайтаруды талап етті
Әділетсіздікке күйінген алматылық жүргізушілер көліктерін қайтаруды талап етті

Әділетсіздікке күйінген алматылық жүргізушілер көліктерін қайтаруды талап етті

40-қа жуық алматылық жүргізуші жүк көліктерін қайтаруды талап етуде. Контрабандалық тауар тасымалдады деген айыппен машиналары былтыр қырғызбен шекарада тоқтатылған екен. Жүргізушілердің айтуынша, Қытайдан тиеген жүктен Қазақстан аумағынан қозғалған кезде ешбір шикілік табылмапты. Ал діттеген жерге жақындағанда аяқ асты заңсыз болып шыққан. 

Осылай ашынған Петр Антоновтың жүк көлігі айып тұрағынан шықпағанына бір жылдан асқан. 40 жыл тізгінде жүрген азамат мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отыр. Ол былтыр мамыр айында Қытайдан Қырғызстанға киім-кешек апаруға келісіпті. Бірақ Алтынкөлден шыққанда құжаттар дұрыс болып, Қарасу шекара бекетінде аяқасты шикілік табылған. Сөйтіп қаңтарылған көліктерден алғашында тауар түсірілсе, енді техниканың өзі тәркіленіп жатыр.

Петр Антонов, жүк көлігінің жүргізушісі:

-Соттан көлігімнің тәркіленгені туралы қағаз келіп тұр. Бізді тергеушілер бір рет те шақырған емес. Сотты біздің қатысуымызсыз өткізіп, контрабанда тасымалдады деп алып қоймақ.

Жамбыл облысының салықшылары бас-аяғы 38 көлікке қатысты осындай әрекет қолданған. Салдарынан сағызша созылған сот біткенше жүргізушілер жұмыстан айырылып, ай сайын тұрақ үшін ақша төлеуге мәжбүр. Тіпті жуырда, әлдебіреулер келіп айып тұрағындағы өз көліктерін сатып алуға ұсыныс жасапты.

Леонид Кравцов, жүк көлігінің жүргізушісі:

–Жақында бізге біреулер келіп, өз көлігімізді сатып алуға көмектесейік дейді. 5 мың доллар берсең, айып тұрағынан шығарады екен. Бұл сонда қалай болғаны?

Ал салықшылардың өз уәждері бар. Айтуларынша, 5 млрд теңгенің тауарын шекарадан өткізер кезде жалған құжаттар пайдаланылыпты.

Бақытжан Беденов, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім басшысы:

–Экономикалық контрабанда бойынша кінәлі деп танылған. Сонымен қатар іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде танылған халықтық тұтыну тауарлары және осыны тасымалдаған 38 автокөлік мемлекет есебіне тәркіленген.

Қазіргі таңда 7 жүргізушінің ісі Жоғарғы сотқа дейін жеткен. Бірақ шешім олардың пайдасына шығарылмапты. Ал қалғандары табыс әкеліп отырған көліктерін оңайлықпен беруге дайын емес. Сондықтан олар істің қайта тергелуін талап етпек. Себебі контрабандалық тауарды кіргізген азамат бар болғаны айыппұлмен құтылыпты. Ал жол-жөнекей бірге жүрген кеденшілерге қатысты ешбір шара қолданбаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде