{metadescription}
Дизельдің қымбаттауына байланысты семейлік жүргізушілер табыстарынан қағылды
Дизельдің қымбаттауына байланысты семейлік жүргізушілер табыстарынан қағылды

Дизельдің қымбаттауына байланысты семейлік жүргізушілер табыстарынан қағылды

Жалданып жұмыс істейтін жүк көліктері мен құрылыс крандарының иелері солярканың қымбаттауына байланысты қызметтері үшін бағаны көтерген еді.

Фарид Ишмухаметов, жүргізуші:  

-Атап айтқанда, кран және экскаватор жүргізушілері қызметіміз үшін ақы қосқан едік. Себебі, кеткен шығынды өтеуіміз керек. Бірақ, жұрт қымбатсынып жалдамайды. Ауыр техниканың бәрі дизельге тәуелді. Оны ешкім түсінбейді.

Бұл жерге күнделікті шамамен 20 техника жиналады. Қожайындары дизелдің құны 85 теңге болған кезде күніне 10 мың теңгеден табыс тауып отырған екен. Енді бағасы мемлекет тарапынан реттелмейтіндіктен литрі 139 теңгеге шарықтаған шақта, бұлар да қызыметтерін 30 пайызға өсіреміз деп қаңтарылып тұр. Соның кесірінен, кейбіреулері несиесін жаба алмаса, екіншілері балаларының оқуын төлей алмай дал. Бірақ бұрынғы бағаларына да қайта оралғысы келмейді. Өйткені жұрттың ұсынған 2-3 мың теңгесі трактор мен бульдозерлердің жұғынына жұқ та болмайтын көрінеді.Тіпті, сайманын айтпағанның өзінде, шақырған жерге барып келгенін де ақтамайды дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде