Теңге тағы да нығая түсті
Бүгін Қазақстан қор нарығында бір доллар 330 теңгеден сатылды. Осылайша ұлттық валютамыз соңғы бес айда болмаған межені бағындырып отыр.
11.10.2016
Алматыдағы кейбір ақша айырбастау бөлімшелерінде АҚШ ақшасы тіпті 329 теңгеден де сатылуда. Шетел валютасының бұлайша әлсізденуін мамандар қара алтынның қымбаттауымен байланыстырып отыр. Яғни әлемдік нарықта қазір мұнайдың баррелі 53 долларға көтерілген. Десе де теңгенің нығаюы қолдан жасалған құбылыс болуы да мүмкін. Өйткені осы айдан бастап еліміздегі барлық банктер былтырғы девальвацияға ұрынған депозит иелеріне өтемақы төлеуді бастады. Яғни шарт бойынша, курс айырмашылығы дәл қазіргі доллар бағамымен белгіленеді екен. Сондықтан Ұлттық банк аз шығындалу үшін АҚШ ақшасын күшпен ұстап отыруы мүмкін дейді сарапшылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!