{metadescription}
Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсетін болды
Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсетін болды

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсетін болды

Бүгін Әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылы бұл төлемдердің мөлшері    қанша болатынын айтып берді.

Яғни, зейнетақы жаңа жылдан бастап 9 пайызға өседі. Сөйтіп, бұрын орта есеппен 54 мың теңге алып жүрген зейнеткерлерге ай сайын 60 мыңнан төленбек. Қарияларды жарылқаған Үкімет жарымжандар мен асыраушысынан айырылғандар және көпбалалы аналарды да ұмытпаған. Яғни, олар үшін берілетін әлеуметтік төлемдердің де мөлшері 7 пайызға өспек. Жалпы халықтың тұрмысын көтеру мен медицинаны жақсарту үшін  жауапты министрлік бюджеттен 10 триллион теңге сұрап отыр. Ал, 2018-шы жылдан бастап ең төменгі күн көріс деңгейі де қайта есептелмек.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

-2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, әлеуметтік дамудың концепциясын іске асыру шеңберінде ең төменгі күн көріс деңгейінің мөлшерін, әлеуметтік дамудың жаңа жағдайларымен сәйкестендіру мақсатында сол көрсеткіштің есептеу әдістемесін кезең-кезеңмен қайта қарау көзделіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде