Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды
Отандық дәрігерлер жиі ескерткен тұмау эпидемиясы Ақордаға жетті. Бүгін Президент іс басқармасы емханасының ақ халаттылары ең басты пациенттері - Нұрсұлтан Назарбаевқа жұмыстан босап, емделуге рұқсат беретін медициналық анықтама жазып берді. Себебі, мемлекет басшысы суық тиіп сырқаттанып қалған екен.
Автор: Ербол Сейілхан
11.10.2016
Елбасының денсаулығына қатысты бұндай ақпараттың Ақорда сайтында алғашқы рет жарияланып отырғанын айта кетейік. Соңғы рет Назарбаев теледидардан кеше елшілерден сенім грамотасын қабылдау сәтінде көрінген болатын. Қазір салқын өткізіп алған Елбасы дәрігерлерге қаралып ем-домын алып жатыр. Осыған байланысты, президенттің Ақордадағы ресми кездесулері, аймақтар мен шетелге жоспарланған барлық іссапарлары да кейінге шегерілуде. Бүгін Назарбаевтың Маңғыстау облысына, ертең Әзірбайжанға, 13-ші қазан Арменияға іссапары жоспарланып қойған болатын. Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысы өтуі керек еді. Енді Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан мен Қырғызстан басшыларының маңызды басқосуы Назарбаевсыз өтетін болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!