Алматыда террористер тағы бір қанды қырғын сала жаздады
Тағы да террористер қанды қырғын сала жаздады! Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл жолы Алматының күлін көкке ұшырмақ болған 3 лаңкестің қолына кісен салып, жойқын жарылыстың алдын алды. Жат дінге шырмалып санасы уланған радикалдар полиция, прокурор мен судьяларды нысанаға алған екен.
Автор: Досжан Маратұлы
11.10.2016
Алайда арнайы қызмет қаскөйлерді дер кезінде құрықтап, халықты тағы бір ажалдан аман алып қалды. Ұсталғандардан жарылғыш заттар мен теракт жасауға үндейтін экстремистік материалдар табылған. Анығы - лаңкестер Алматының бірнеше жерінде полиция, прокуратура мен сот ғимараттарына шабуыл жасауға тыңғылықты әзірленіпті. Бірақ, жоспарларын алдын-ала біліп қойған Ұлттық қауіпсіздік комитеті жарылысты болдырмай тастады. Ал, биылдыққа арнайы қызмет ел бойынша ойран салмақ болған 70-тен астам радикалды топтың жолын кескен. Сонда да қауіп сейілмей тұр. Өйткені облыс орталықтарындағы халық көп жиналатын қоғамдық орындар, базар мен сауда орындарына кез-келген сәтте террористер басып кіруі әбден мүмкін. Бұған ғимараттардың жөнді қорғалмауы себеп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!