{metadescription}
Алматыда алимент төлеуден жалтарғандар жаппай қамауға алынып жатыр
Алматыда алимент төлеуден жалтарғандар жаппай қамауға алынып жатыр

Алматыда алимент төлеуден жалтарғандар жаппай қамауға алынып жатыр

Алименттен қашып, абақтыға түсті. Алматыда балаларына алимент төлеуден жалтарып жүргендер жаппай әкімшілік қамауға алынып жатыр. Себебі, сот шешімі шыққан соң бір тиын да төлемей, қарыздары 600 мыңнан асып кетіпті.

Жауапсыз әкелердің бұл сөзінен шаршаған сот орындаушылары істі сотқа жеткізіп, оларды 5 тәулікке дейін қамап жатыр. Жыл басынан бері осындай 114 іс қаралған. Жылдар бойы алимент төлемегендердің қарызы 600 мыңнан асып кеткен екен. Көп жағдайда төлемнің уақытылы жасалмауын денсаулықтың сыр бергенімен, жағдайының төмендігі және жұмыссыздықпен байланыстыратын көрінеді. Бүгін әкімшілік сотта 12 азамат қамауға алынды. Ал темір тордан шыққан соң 3 ай ішінде баласының алдындағы қарызын толық өтемесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ізбасар Масақбаев, Медеу аудандық прокуратурасының бөлім бастығы:

Бізде қазір 300 құжат бар, оның 150-і бойынша нақты шара қолданылды. 18-і сотқа өткізілді, шара қолданамыз. Сонымен қатар айыппұл салу немесе қамауға алу жүзеге асырылып, қолданылады

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде