Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғаға қатысты сот алдында жауап беретіндердің тізімі жарияланды
Бұл атышулы іс мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралмақ.
12.10.2016
Қазір отырыс өтетін залды бақылау камерасымен жабдықтап жатыр. Өйткені сотталушылардан бөлек келушілердің көп болатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан залға сыймағандар екінші бөлмедегі экраннан бақылайды. Бірақ әзірге процесс өтетін жерді ешкімге көрсетпей отыр. Жоғары сот сайтына жариялаған тізім де бірнеше сағаттан соң алынып тасталды. Дегенмен онда маусымдағы атыс кезінде тірі қалған 9 содыр мен олардың 20 сыбайласының аты жазылған. Тізімді бір апта бойы тәртіп сақшыларына ұстатпай, әрең қолға түскен 28 жастағы Арсен Таңатаров бастап тұр. Тапа-тал түсте көшеде оқ атқан Әлібек Ақпанбетовтің де жарақаты жазылып, сотқа ешкімнің сүймелдеуінсіз келеді делінген. Маусымда содырларды екі күн бойы жалдамалы пәтерде жасырып ұстағандардың да кім екендігі белгілі болды. Мирлан Ердәуов пен Үсен Өтепов енді осы қылмысы үшін кем дегенде 6 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!