Астанада ертоқымнан да арзанға сатылған «Көкпар» клубының шәкірттері далада қалды
Астанада тұтас «Көкпар клубы» күлкілі ақшаға жекешеленіп кетті. Аты-жөні барынша құпияда ұсталып отырған азамат 11 асыл тұқымды жылқы, қызметтік көлік пен қымбат спорттық жабдықтарды бар-жоғы 198 мың теңгеге сатып алған. Негізі, мемлекеттік мекеменің алғашқы құны 41 миллион теңге болатын.
Автор: Ербол Сейілхан
12.10.2016
Алайда, бас қаладағы жалғыз «Көкпар клубына» екі аукционда сұраныс болмағандықтан үшіншісінде голландттық әдіспен бағасы еселеп төмендетіліпті. Бұл Астана әкімдігінің уәжі. Қалай болғанда да клубты су тегінге сатып алған адамның жолы болғыш екен. Өйткені асыл тұқымды жылқының нарықтағы құны кемі 1 жарым миллион теңге. Ал ертоқымының өзі 350 мың теңге тұрады. Бірақ осы уақытқа дейін мемлекеттің меншігінде болған «Көкпар» клубы ертоқымнан да арзанға кетіп отыр. Бұл мекеме балаларды ұлттық спорт түрлеріне тегін баулып келген еді. Енді аукционның зардабын жасөсіпірімдер тартпақ.
Болат Шалабаев, «Астана» көкпар клубы ММ директорының орынбасары:
-Талай жарыстарда жүлде алған 140 шәкітіміз далада қалды. Одан қалды жаттықтырушылар, инструкторлар, жұмыссыз қалғалы тұр. Олардың тағдыры не болары белгісіз. Клубымыздың бізге ескертілмей сатылып кеткені өте ауыр тиді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!