{metadescription}
Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті
Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Прокурорлар, полицейлер мен министрлер сенаторлардың сөзіне құлақ асуды қойған! Конституция бойынша, мәртебесі үлкен Жоғары палата депутаттарының өзі шенеуніктерден жауап ала алмай жүр екен. Әбден күйінген олар қарапайым халықтың жанайқайын енді түсінгендейміз деп ашынды.

Дулат Құсдәулетов, Сенат депутаты:

-Дұрыс жауап берілмейді, бізге келген мәселе шешілмегеннен кейін депутаттар кінәлі болғандай болады. Мен жазып отырған сұраққа жауапты  дұрыс бермесе, қарапайым адамға қандай жауап береді ол?

Бюрократияға шырмалған мемлекеттік мекемелерде еңбек кодексі де мүлдем  еленбейді екен. Министрлер қарамағындағы қызметкерлерді түн жарымға дейін кеңседе ұстауды әдетке айналдырған. Шенеуніктерге араша түскен сенаторлар олардың сенбі, жексенбі, тіпті мереке күндері жұмысқа шығатынын айтып шырылдады. Оның үстіне таң атқаннан қас қарайғанша дейін қағаз тасып жүретін қызметкерлердің жалақылары мардымсыз. Бұған дейін Білім министрі Ерлан Сағадиев те: «ата-аналар күні-түні жұмыста отыратындықтан балаларын сабаққа дайындап үлгермей жатыр» деп  шағымданған болатын. Енді бұл мәселені сенаторлар да қозғап, премьерге мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесін қайта қарауды және  еңбек заңын  бұзғандарды қатал жазалауды сұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде