{metadescription}
«Көкпар» клубының ертоқымнан да арзанға сатылуы заңға қайшы болмай шықты
«Көкпар» клубының ертоқымнан да арзанға сатылуы заңға қайшы болмай шықты

«Көкпар» клубының ертоқымнан да арзанға сатылуы заңға қайшы болмай шықты

Су тегінге сатылып кеткен «Көкпар» клубына қатысты дау тыйылмай тұр. Іске бүгін Астана әкімі Әсет Исекешов араласып, мемлекеттік мекеменің сатылымына қатысты құжаттардың заңдылығын тексеру үшін, оны прокуратураға жолдады.

11 асыл тұқымды жылқысы, қызметтік көлігі мен қымбат жабдықтары бар «Көкпар» клубының 198 мың теңгеге сатылуына қатысты түсінбестік көп. Бірақ алғашында 41 миллионға бағаланған мекеменің 350 мың теңге тұратын ертоқымнан да арзанға жекешеленіп кетуіне Астана әкімдігінің өз уәжі бар. Клубты ұстау қып-қызыл шығын. Яғни, күтіміне жыл сайын бюджеттен 175 миллион теңге жұмсалады екен. Ал оны сатып алған кәсіпкер барлық шығынды өз мойнына алыпты. Оның үстіне жаңа қожайын  жаттықтырушыларды жұмыстан қысқартпауға уәде еткен.

Андрей Лукин , Астана қаласы әкімінің орынбасары:

-Аукционның қортындысы бізді де таңқалдырып отыр. Астана әкімі сатылымға құқықтық баға беру үшін құжаттарды прокуратураға  жолдады. Міне нәтижесі келді, оқып берейін: Аукцион кезінде ешқандай заңбұзушылық болмаған. Сондықтан прокурорлар шара қолданудан бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде