Қарағандыда жалған лаңкестік үшін сотталған мұғалімнің ісі қайта тергелуі мүмкін
Қарағандыда жалған лаңкестік үшін 2 жылға сотталған физика пәнінің мұғаліміне Дариға Назарбаева араша түсті. Сенат депутаты қоғамда қызу пікірталас тудырған істі тағы бір мұқият қарау туралы Бас прокуртураға өтініш жіберген.
Автор: Саят Сабдалы
13.10.2016
Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:
-Соттың жұмысына біздің араласуға ешқандай құқығымыз жоқ. Сенеміз бе, сенбейміз бе, ол енді әркімнің өз ойы. Ал енді өз басым депутат ретінде прокуратураға сондай хат жолдадым. Тағы да осы істің барлық құжаттарын нақты қадағалап , бізге жауап беріңіз деп.
Ал бүгін Қарағандыда Юрий Пактың туыстары және адвокаты тілшілермен кездесу өткізді. Олардың айтуынша, бомба туралы жалған ақпарат берушінің дауысы жазылған дыбыс файлы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Яғни аудиофаил сығылып, көлемі өзгертіліпті. Сондықтан жазбадағы дыбыс Пакқа тиесілі екенін анықтау мүмкін емес екен. Сотта оның ұялы телефонынан бөлек екінші қоңыраудың да қалалық нөмірден шалынғаны туралы «Қазақтелекомнан» анықтама ұсынылған. Бірақ судья қорғаушының арыздарын қараусыз қалдырып, тергеу ұсынған дәйектерді ғана негізге алған. Сондықтан апелляциялық арызда осы екі мәселеге басты назар аударуға тырасамыз дейді олар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!