Елімізде директорлар мектептерді жемқорлық ордасына айналдырған
Еліміздегі мектеп директорларының күн өткен сайын араны ашылып барады. Оқу ордаларының тойымсыз басшыларының есіргені соншалық, пара алуды жүйелі жолға қойып алған. Жемқорлыққа қарсы агенттік директорлардың былығын әшкерелеп, Білім министрінің бетіне басты.
Автор: Жәудір Оразхан
13.10.2016
Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында директор өтірік адамдарды жұмыс алып, соның атынан ай сайын тұрақты жалақы алып отырған. Салдарынан бюджетке 1 миллион 200 мың теңге шығын келіпті. Оқу ордаларының басшыларына мұғалімдер жұмысқа орналасудан бөлек, сағат қостырып алғысы келсе, тіпті аттестациядан сүрінбей өту үшін де бөлек-бөлек пара беруі тиіс екен. Ал тойымсыз директорларға қатысты 9 айда 25 қылмыстық іс қозғалыпты. Олардың алтауына судья үкім шығарып қойған. Сондықтан Жемқорлыққа қарсы агенттік Білім министріне мектепті «базарға» айналдырғандарға қарсы қатаң шара қолдануды талап етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!