{metadescription}
Террористерге қарсылық көрсете алмаған ақтөбелік полицейлер шатылып жатыр
Террористерге қарсылық көрсете алмаған ақтөбелік полицейлер шатылып жатыр

Террористерге қарсылық көрсете алмаған ақтөбелік полицейлер шатылып жатыр

Ақтөбенің жергілікті полиция қызметі басшысымен оның орынбасары енді сот алдында жауап бермек. Прокурорлар оларды жазда содырлар сойқан салғанда «қол қусырып қарап отырды» деп айыптауда.

32 жастағы Мақсат Шляшевтың Ақтөбедегі полиция қызметін басқарғанына жылға толған жоқ. Оған дейін учаскелік инспектор мен тергеуші болып істеген ол орынбасары екеуі лаңкестік оқиға кезінде абдырап қалған сияқты. Соның кесірінен қарамағындағылардың әрекетін жөнді басқара алмаған. Содырлар қару-жарақ дүкеніне шабуылдаған соң әскери бөлімге дейін еш кедергісіз жеткен. Көше бойындағы автобусты басып алғанда оларға ешкім тосқауыл болмаған еді. Қауіпсіздікті сақтауға еш шара қолданбаған Мақсат Шляшев пен Ермек Шоқановтың ісін тіпті Бас прокурордың өзі бақылауына алыпты. Ақтөбеге тергеуге арнайы өкілдерін жіберген. Егер кінәлары дәлелденсе шенді қос полицей 8 жылға дейін сотталулары мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде