{metadescription}
0:000:00
Алматыға селден төнген қауіп жоқ

Алматыға селден төнген қауіп жоқ

Таудан келер қауіп жоқ! Алматыға сел қаупін тексеруге келген сенаторларды құтқарушылар осылай деп сендірді. Таудағы көлдердің суын азайтып жатырмыз деген «Қазселденқорғау» мекемесінің өкілдері былтыр жазда болған оқиға қайталанбас үшін тағы бірнеше бөгеттер салдырамыз деп мақтанды.                      

Осылай деп семіз сөйлеген алматылық құтқарушылар сенаторларға алдымен суреттерді көрсетті. Онда былтыр балшыққа батқан халықты құтқарып жатқан сәттері мен селдің алдын алу жұмыстары көрсетілген. Сол оқиға таяқ боп тиген болуы керек, төтеншеліктер биыл техниканың санын арттырыпты. Ал Алатауға қар биыл ерте түскенімен, әзірге шыңдар мен шатқалдар тыныш. Десе де, алаңдаушылығын жасырмаған Дариға Назарбаева селге сақадай сай болуды тапсырды. Таудан соң депутат Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» әскери мектебіне ат басын бұрды. Сенатор оқушыларға құны 10 миллион теңге тұратын аппарат сыйлады. Елде әлі ешбір мекемеде жоқ медициналық қондырғы дене мүшесіндегі кез-келген дертті әп-сәтте анықтайды екен.

-Қолдау көрсетіп, медициналық-диагностикалық және музыкалық аппаратура енгізгендеріңіз біз үшін зор мәртебе. Біз болашақ отан қорғаушы, қазақ елінің ұландары сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенім білдіреміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде