Әйгілі сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы шағымынан бас тартты
Әйгілі сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы оған қатысты қылмыстық істі доғаруды сұрады. Бүгін Алматыда осы іс бойынша сот басталды. Сән әлемінің сылқымы 33 жастағы Хамро Сувановты еркінен тыс бас бостандығынан айырғаны және оған күш көрсеткені үшін істі болып жатыр. Айыпталушылар орындығында Рахтың сыбайластары да бар.
Автор: Олжас Байжан
17.10.2016
Салтанатты кештерден қалмайтын келіншекті бүгін оның достары мен клиенттері қолдауға келген. Ал Рахтың өзі осыдан 3 ай бұрын қамауға алынған болатын. Ол әлемдегі бренд маркалы киім-кешектерді Қазақстан нарығына алғаш әкеліп, фешн-индустрия саласында зор бедел жинаған еді. Дәл осы шүберектер үшін ол темір торға түсіп отыр. Себебі, Өзбекстан азаматы одан қарызға ақша алып қайтармаған екен. Сол үшін Лилия Рах Мири Паз, Ислам Месіров және Бақыт Шалбаевпен бірлесе жалдамалы пәтер алып, оны тұтқында ұстапты. Бірақ жәбір көрген Хамро Сувановтың өзі бүгін күтпеген жерден сәнгерге қатысты қылмыстық істі доғаруды сұрады. Айта кетейік, Лилия Рах «Sauvage» бутигінің иесі және 2015 жылы сән әлемінің 500 беделді тұлғасының тізіміне кірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!