Назарбаев Қорғаныс министрін Ақордаға шақыртты
Нұрсұлтан Назарбаев ел шебін жаудан қорғайтын жауынгерлердің дайындығын білді. Бүгін Ақордаға Қорғаныс министрін шақыртқан Елбасы одан жан-жақты есеп алды.
Автор: Ербол Сейілхан
17.10.2016
Бұл Сәкен Жасұзақовтың Қорғаныс министрі ретінде президенттің кабинетіне алғаш кіруі. Қызметіне тағайындалғалы бір айдан енді асқан генерал-майорға жүктелген міндет көп. Ең бастысы қорғаныс жүйесін дамытып, әскерді соңғы үлгідегі қару-жарақ пен техникамен қамтамасыз ету. Ал Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы министрге әскерилердің ұрысқа дайындығын төтеннен жиі тексеріп тұруды мықтап тапсырды.
-Қысқа қарай әскерлердің бәрі жағдайы дұрыс па?
-Барлық жағдайы дұрыс.
-Дайындық, жылдың қортындысы
-Тексеріс өтіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!