Биыл елімізде қыс қаһарлы болады
Тұманды, көктайғақ күндер жиілеп, қалың қар ерте түседі. Сондықтан «Қазгидрометтегілер» тұрғындарға қазірден бастап жылы киімдерін әзірлеп, қамдануға кеңес беріп отыр.
Автор: Жәудір Оразхан
17.10.2016
Мамандардың болжамынша, барлық аймақтарға қарашаның басында-ақ қытымыр қыс келеді. Солтүстік өңірлерде ауа-райы бірден 27 градусқа дейін төмендейді екен. Биыл Қостанай, Сотүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында қар ерекше қалың болады деп күтілуде. Жауын-шашынның соңы тұман мен көктайғаққа ұласып, тұрғындарды әбден әбігерге салуы мүмкін. Ал қаңтар мен ақпанда қыс қаһарына мінеді. Бұл айларда нағыз аязды, боранды күндер басталады. Тіпті осы қазан айының өзі құбылмалы болады. Табиғат жиі тосын мінез танытады екен. Сондықтан синоптиктер Ақмола облысы, Астана қаласы мен солтүстік аймақтардың көлік жүргізушілеріне шұғыл қыстық дөңгелек ауыстыруға кеңес берді.
Гүлмира Ақышева, «Қазгидромет» РМК бөлім басшысы:
-Автокөлік иелеріне де айтар кеңесіміз, қазір алдағы үш күнде тұрақсыз күн райы күтіледі. Яғни, көктайғақ болғандықтан және орташа тәуліктік температура 5 градус құрайтындықтан, бұл дөңгелектің қабілетіне әсер етеді. Қазірден бастап дөңгелектерін айырбастағаны жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!