Тараздықтар мезгілсіз жауған қалың қардан әлі күнге ес жия алатын емес
Төрт күннен бері 300-ге жуық түтін тас түнекте отыр. Ал көшеде шашылған 8 мыңнан аса тал-теректі 2 жарым мың адам жұмылса да жинап үлгермей жатыр. Сондықтан қала билігі тұрғындарды оған атсалысуға шақыруда.
Автор: Руслан Әбдіхалық
17.10.2016
Нұржан Календеров, Тараз қаласының әкімі:
-Бүгін ертең сәрсенбіге дейін толығымен жинап алатын шығармыз деген жоспар бар. Қалада қазақша айтқанда асар жүріп жатыр. Екі мыңның үстінде адам, алпыстан астам техника.
Көшедегі бағдаршамның көбі істен шыққан. Алатаяқ ұстаған полицейлер ертелі-кеш көлік қозғалысын реттеуге мәжбүр. Әкімдіктегілер құлаған талдардың саны 8 мыңнан асты дейді. Шашылған бұталарды тазалауға әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпорын жұмысшылары мен ерікті жастар жұмылса да үлгеретін емес. Сондай -ақ қазір 273 үй жарықсыз отыр. Шенділер оларды бүгін-ертең қуат көзіне қосамыз деп сендірді. Айта кетейік, өткен жұмада қалың жауған қарды көтере алмай жаппай сынған ағаштар байланыс және электр сымдарын үзген. Жамбыл және Байзақ аудандарын қоса есептегенде жалпы саны 15 мыңға жуық түтін жарықсыз қалған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!