Алматыда шығармашыл жастардың халықаралық «ЖасSTAR» фестивалі жалғасуда
Оған қатысушылар өздері таңдаған өнер саласындағы тәжірибелі мамандардан тегін тәлім алады. Әсіресе, Франциядан келген танымал дизайнердің шеберлік сабағына қызығушылар көп.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
18.10.2016
Ламин Момед өзімен бірге француз патшайымдарының көйлегін ала келіпті. Франциялық маман оларды тігудің де қыр-сырын түсіндіріп берді. Айта кетсек, биыл жетінші рет өтіп жатқан фестивальде музыка, цирк, кино және би салаларына қызығушыларға да шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Дәстүрлі шара ертеңге дейін жалғасады. «ЖасSTAR» фестивалі жыл сайын Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткізіліп келеді. Биыл ұйымдастырушылар ерекше көзге түскен қатысушыларға гранттар тағайындап қойған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!