{metadescription}
Елімізде ескі көлікті жаңартуға жол ашатын бағдарламаға өтініш қабылдау басталды
Елімізде ескі көлікті жаңартуға жол ашатын бағдарламаға өтініш қабылдау басталды

Елімізде ескі көлікті жаңартуға жол ашатын бағдарламаға өтініш қабылдау басталды

Елімізде ескі көліктен құтылуға мүмкіндік беретін ауқымды бағдарлама іске аса бастады. Енді 21-ші қарашадан бастап тозығы жеткен темір тұлпарды утилизацияға беру үшін өтініш қабылданғалы жатыр.

Бірақ көлік екі категория бойынша бағаланады. Біріншісі жүріп тұрған көлікке 150 мың теңге төленеді. Екіншісі мүлдем жүрмейтін ескі-құсқы машинаға 48 мың берілмек. Бұдан жұрттың ұтары көп. Кәдеге жарамайтын темір тұлпарынан құтылып жаңасына қол жеткізуге мүмкіндік алмақ. Оның үстіне ескі автомобиль үшін 315 мың теңгенің сертификатын алып Қазақстанда құрастырылған жаңа көлікке алғашқы жарна ретінде төлеуге болады. Бірақ бұл жоба кейбір құжаттарға өзгеріс енгізуді талап ететіндіктен сәл кейін жүзеге асырылмақшы. Сонымен қатар елімізде қатты тұрмыстық қалдықтардың кейбір түрлерін жинау және қайта өңдеуге өтемақы төлеу жүйесі де енгізілгелі жатыр. 

Вера Мустафина, Қазақстанның тұрмыстық қалдықтарды басқару қауымдастығының өкілі:

-Тұрмыстық қалдыққа қатысты мәселе әлі өткір тұр. Елімізде қоқыстың екі пайызы ғана өңделеді, қалғаны полигонға кетеді. Пластик заттар тіпті сынапқа дейін төгіліп жатыр. Бұл мәселенің шешімін тауып,қоқыс өңдеушілерге өтемақы төлеу өте жақсы бастама.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде