Қар басқан Шымкент қысқа дайын болмай шықты
Қаладағы көпқабатты үйлердің тең жартысына тағы оншақты күн жылу берілмейтін болды. Ал шенеуніктер бұған себеп көп дейді.
Автор: Бек Әбиев
18.10.2016
Біріншіден, жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары әлі толық аяқталмаған. «Жылуэнерго орталық» та белшеден батқан қарызына байланысты жұмысын әдеттегіден он күнге кешіктіріп бастаған. Бір миллиард теңгеден астам қарыздың 700 миллионынан құтылған олар жылу жүйелеріне енді су жіберіп жатыр екен. Бас-аяғы он күн ішінде қалаға толық жылу берілуін күтіп отырған шенеуніктер бүгінге дейін мектеп, балабақша мен емхана секілді әлеуметтік нысандардың жартысын да жылуға қосып үлгерген жоқ.
Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
-350 әлеуметтік нысан болатын болса соның 160-сы қосылды, 190-ны қалып отыр. Ол ТЭЦ-пен бірге қосылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!